СҚО-да мұғалім видеокамера жоқ жерлерде оқушыларға діни насихат жүргізген

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Петропавлда қалалық мектептердің бірінің мұғалімі миссионерлік қызметпен айналысқанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

СҚО-да мұғалім видеокамера жоқ жерлерде оқушыларға діни насихат жүргізген
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

«28 жастағы ер адам бейнекамералар жоқ жерлерде оқушыларға діни жиындар өткізгендігі анықталды. Оқытушыдан діни мазмұндағы әдебиеттер мен дәрістер жазылған дәптер тәркіленді.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабының 3-бөлігі (»Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу«) бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш (172 500 тг) мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін материал жинастырылды», - делінген полиция хабарламасында.