СҚО-да облыс әкімі «Память» қоғамдық қорының төрағасын мерейтойымен құттықтады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Ерiк Сұлтанов облыстың Құрметтi азаматы, «Память» қоғамдық қорының төрағасы Болат Сағындықовты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

СҚО-да облыс әкімі «Память» қоғамдық қорының төрағасын мерейтойымен құттықтады

«Сiздiң белсендi өмiрiңiз бен еңбек жолыңыз жарқын оқиғалар мен табыстарға толы. Бiз сiздiң көп жылдық қызметiңiз бен өңiрдiң дамуына қосқан үлесiңiздi жоғары бағалаймыз. Шын жүректен Сiзге және жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт, жақсылық пен амандық тiлеймiн», - деп құттықтады облыс әкiмi.

Бұл күнi мерейтой иесiн облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Ескендiр Елеусiзов, Петропавл қаласының Құрметтi азаматы, еңбек ардагерi Григорий Кухарь, қоғам қайраткерi Ғазиз Есмұқанұлы, «Солтүстiк Қазақстан» газетiнiң бас редакторы Жарасбай Сүлейменов құттықтады.

Болат Сағындықов Сергеев ауданының «Заря» кеңшарында парткомының хатшы болып сайланған, Тимирязев ауданының «Москворецкий» кеңшарының директоры, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының I орынбасары, облыстық жемiс-көкөнiс өнiмi бiрлестiгiнiң бастығы, Бескөл ауданының «Озерный» кеңшары директоры қызметiн атқарған. Оның еңбегi көптеген марапаттарға ие болған.

Болат Сағындықов Петропавл қаласындағы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 8 мыңға тарта азаматтың есiмдердi жазылған ескерткiш пен қабырғаның құрылысының бастамашыларының бiрi.
null null