СҚО-да облыстық жолдардың барлығы жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстанда облыстық маңызы бар барлық бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да облыстық жолдардың барлығы жабылды

Мұндай ескертуді 112 қызметі «Darmen» мобильді қосымшасы арқылы таратып отыр.

«Ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі, жаяу борасын, қар жауып, жолдың көрінбеуі) байланысты сағат 17-30-дан бастап көліктің барлық түрі үшін барлық бағыттағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдары көлік қозғалысы үшін жабық», - делінген таратылған ақпаратта.

Өңірде мұндай ауа райы 8 наурыз күні де болады. Сондықтан облыс аумағында дауыл соғатыны ескертіліп отыр. Бұл күні боран соғып, оңтүстік-батыстан соққан келдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кейде секундына 23-28 метрге жететіндігі күтіледі.