СҚО-да өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары өрт орнынан жанып кеткен ер адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

СҚО-да өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды

«23 желтоқсан күні Солтүсті Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинградское ауылында жеке үй өртенді. 63 шаршы метрді шарпыған тілсіз жау сағат 01:38-де ауыздықталып, сағат 02:42-де толық сөндірілді. Оқиға орнынан 1964 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өрттің алдын ала себебі - мас күйінде шылым шегу», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, оқиға орнына СҚО ТЖ департаментінің жеке құрамынан 7 адам және 2 техника жұмылдырылды.