СҚО-да өсімдік майы мен жармалар арзандады

Сұйық май
Фото: pixabay.com

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында инфляция жылдық есептеумен алғанда 8,9% жетті. Бір жыл ішінде азық-түлік тауарлары 6,4%, ақылы қызметтер 15,3% қымбаттаған.

СҚО Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, есепке өткен жылдың маусымынан биылғы маусымға дейінге аралық алынған. Бір жыл ішінде жемістер бағасы 22,4%, кондитер өнімдері – 13,4%, тұздалмаған сары май – 12%, балық және теңіз өнімдері – 10%, сиыр және шошқа еті 5% өскен. 

Жармалар 22% арзандаса, күріш 29% қымбаттады. Алкогольді ішімдіктер бағасы да артып, 16% өсті. Көкөністерді былтырғымен салыстырғанда 3% арзанға алуға болады, соның ішінде пияз бағасы 43%, қырыққабат 14% төмендеді, ал қызылша – 17%, картоп – 12%, сәбізге – 4,5% қымбаттады. Өсімдік майы 19% арзандады.

Баға жеке бас тұтынуына арналған бұйымдар, приборлар және тауарларға – 14%, фармацевтикалық өнімдерге – 10%, киім және аяқ киімге – 8%, тұрғын үй-жайға қызмет көрсету және жөндеуге арналған материалдарға – 6% өскен. Жуу және тазалау құралдарына баға 4,5% төмендеді.

Тұрғын үй-жайды жалға алуға жұмсалатын нақты төлемдер – 22,5%, амбулаторлық қызметтерге – 13%, қоғамдық тамақтандыру қызметіне – 11% өсті. Көлік қызметтерінің бағалары – 13,5%, соның ішінде темір жол көлігінің билеті 10% қымбаттады. Шаштараз және жеке қызмет көрсету мекемелері де қызмет бағасын қымбаттатып, 18% өсірді. 

Бұған дейін СҚО Бескөл ауылында екі жасөспірімнің денесі судан табылғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар