СҚО-да өздеріне қол жұмсаған жазасын өтеп жүргендердің талаптары заңсыз әрі негізсіз болып табылады-Бас парокуратура
АСТАНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - СҚО-да өздеріне қол жұмсаған жазасын өтеп жүргендердің талаптары заңсыз әрі негізсіз болып табылады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингіде Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
«Солтүстік Қазақстан облысында ерекше режимдегі түзету колониясында бүгінгі таңда 37 адам өздеріне қол салды. Олардың талаптары негізінен заңсыз әрі негізсіз болып табылады. Атап айтқанда. олар өздеріне қатысты ұстау режимін жеңілдетуді сұрайды», - деді ол. Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, сотталғандар колонияның ішінде еркін жүріп-тұру құқын талап етуде. Сонымен қатар қосымша талап ретінде бас бостандығынан айрылғандар өздерінің тұрмыстық жағдайларын жақсартуды сұрап отыр. «Оларды ұстау режимин жеңілдету туралы негізгі талаптары басынан бастап негізсіз және заңсыз болып табылады. Өйткені бұл колонияда бірнеше рет ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар қамауға алынған. Оларды қамауда ұстау режимі заңмен белгіленген. Бұл режимді прокурор да, колонияның басшылығы да өзгерте алмайды. Атап айтқанда олардың осы талабы орындауға жатпайды», - деді ресми өкіл.
Оның айтуынша, бас бостандығынан айрылғандардың тұрмыстық жағдайын жақсарту мәселесін Қылмыстық-атқару комитеті басшылығы қазіргі кезде қарастыруда. Егер олардың өтінішін орындауға болатын жағдайлар болса, бұл сұрақтар ағымдағы тәртіпте шешіледі.
Айта кетейік, өздеріне қол салған 37 жазасын өтеп жүргендердің, 6-уы ауданның ауруханасына жеткізілді. Біреуіне медициналық көмек колонияда көрсетілген. «Ауруханада жатқандардың денсаулығына ешқандай қауіп туындап отырған жоқ», - деді Н. Сүйіндіков.
Аталған факті бойынша тексеру шаралары жүріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының Горный елді мекенінде орналасқан ЕС-164/4 түзету мекемесінде жазаларын өтеп жүргендер өздеріне қол салғандығы бүгін хабарланған болатын.