СҚО-да Парламент Сенатының депутаттығына 5 кандидат бар

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Парламент Сенаты депутаттығына Солтүстік Қазақстан облысынан бір депутат сайланады. Өңірден 5 адам өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидатурасын бекіткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да Парламент Сенатының депутаттығына 5 кандидат бар

СҚО сайлау комиссиясының мәліметінше, үміткерлердің 2-еуі ер және 3 әйел адам. Олар:

1. Жақсылық Төлеуұлы Есдәулетов, 1977 жылы туған, «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы, «AMANAT» партиясының мүшесі;

2. Арман Сағатұлы Бердағұлов, 1985 жылы туған, Петропавл қалалық мәслихатының хатшысы, «AMANAT» партиясының мүшесі;

3. Лаура Советқызы Қайыржанова, 1969 жылы туған, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры, «AMANAT» партиясының мүшесі;

4. Данголе Антонасовна Могунова, 1962 жылы туған, Мамлют аудандық сайлау комиссиясының төрағасы, «AMANAT» партиясының мүшесі;

5. Гүлмира Раинбекқызы Кәрімова, 1977 жылы туған, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы, «AMANAT» партиясының мүшесі.

Үміткерлердің орташа жасы - 48 жаста, олардың ең кішісі - 37 жаста, ең үлкені - 60 жаста.

Мамандығы бойынша: 2 кандидат – оқытушы, 2-уі – экономист, 1-уі әлеуметтік жұмыспен айналысады.

Үміткерлердің 1-еуі коммерциялық құрылым өкілі, 1-еуі мәслихат хатшысы, 3-еуі мемлекеттік мекеме қызметкерлері.