СҚО-да полицейлер күн райының бұзылуына байланысты тұрғындарды жолда сақ болуға шақырды
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде болған соңғы көктайғақта 17 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 30 адам зардап шеккен. Осындай жағдай қайталанбас үшін полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол үстінде сақ болуға шақырады.
«Маусымаралық кезең жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін қауіпті уақыт. Жолдағы мұз көліктің тежеуін қиындатады. Жаяу жүргіншілер автокөліктердің мұз бен қарда бірден тоқтай алмайтынын естен шығармауы керек. Жолдың екінші жағына өтер кезде, барлық жүргізушілердің сізге жол беріп жатқанына көз жеткізу қажет.
Қазіргі уақытта облыстағы автокөлік иелерінің басым көпшілігі қысқы шиналарын салып алды. Алайда, қысқы дөңгелектердің осал тұсы бар. Су жатқан асфальтта көлік тізгініне ие бола алмай қалуыңыз мүмкін. Сол үшін жылдамдықты мүмкіндігінше асырмай, қауіпсіздік шараларын ұстанған жөн», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Тәртіп сақшылары ауа райы құбылып, өзгерген жағдайда жылдамдықты төмендетуге және көлік құралдары арасындағы қашықтықты арттыруға кеңес береді.