СҚО-да полицейлер жаңа үлгідегі формамен шықты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер қызметтік киімдерін жаңа үлгідегі формаға ауыстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың патрульдік полицейлері және учаскелік полиция инспекторлары жарық шағылыстырлғыш элементтері бар, ыңғайлы етіп тігілген, ерекшелік белгілері бар көк нысанды киімде қызмет атқарады.

Жаңа үлгідегі форма полицейлердің күнделікті жұмысында кездесетін әдеттен тыс жағдайларда іс-қимыл жасауына барыншы ыңғайлы етіп тігілген. Башлығы және жарық шағылыстырлғыш элементтері бар ашық түсті кеудешелер, әсіресе түнде өте ыңғайлы. Жаңа үлгідегі киім-кешек бүгінгі күні Петропавлдың патрульдік полиция инспекторларына және учаскелік полиция инспекторларына, сондай-ақ бірқатар аудандардағы бөлініс қызметкерлеріне берілді. Жаңа форманы кезең-кезеңмен облыстағы ювеналдық полицейлер де алады.

«Полицейлерге арналған жаңа форма – ішкі істер органдарын жетілдіру бойынша Жол картасы тармақтарының бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық қызмет «сервистік модельге» негізделген. Патрульдік полицейлер мен учаскелік инспекторлар халықпен тығыз байланыста жұмыс істейді. Сондай-ақ бұл бөлініс қызметкерлері тәулік бойы, кез келген ауа райы жағдайында және далада қызмет атқарады: оқиға орындарына, жол апаттарына, құқық бұзушылыққа алғашқылардың бірі болып жетеді, сондай-ақ басқа да шұғыл шақыртуларға барады. Жаңа форма жедел-қызметтік тапсырмаларды шұғыл әрі кәсіби орындауға ыңғайлы», - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Петропавл қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны жыл басынан ізін суытпай 30-дан астам қылмыстың бетін ашты. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 4 мыңнан астам дерегін анықтап, 30-дан астам мас жүргізушіні ұстады.



Соңғы жаңалықтар