СҚО-да праймеризге қатысушылардың жартысына жуығы - білім саласы қызметкерлері

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында праймериздің алғашқы 10 күнінің қорытындысы бойынша 600-ге жуық адамнан өтініш түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Nur Otan» партиясының СҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, білім және ғылым саласының өкілдері белсенділік танытып отыр. Олардан 270-ке жуық өтініш келіп түсті. Партияішілік іріктеу үшін құжат тапсырушылар арасында 35 жасқа дейінгі жастар шамамен 30% пайызды құрайды.

«Праймеризге қатысушылардың 40% - әйелдер. Жас мөлшері бойынша 42% - 35 пен 50 жас аралығындағылар. Қатысушылардың 270-ке жуығы білім саласы қызметкерлері, 70 адам – шағын және орта бизнес өкілдері, 52 адам – ауыл шаруашылығы қызметкерлері. Үміткерлер қатарында қызмет көрсету, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет саласының өкілдері бар», - дейді «Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова.

Депутат болғысы келетіндердің қатарында көпбалалы аналар да бар. Осындай 8 әйел праймеризге қатысуға ниет білдірді. Жамбыл ауданының тұрғыны Сәуле Сұрағанованың айтуынша, ол отбасылардың мүдделерін қорғағысы келеді. Бес баланың анасына өзекті мәселелер жақсы таныс. Сондай-ақ ол әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді.

«Менің ұсынысымның мақсаты – халықтың, оның ішінде көп балалы отбасылардың мүдделерін қорғау. Осы мақсатқа жету үшін облыстық мәслихатқа депутаттыққа барғым келеді. Халықтың өмірін жақсартуға үлес қосу - мен үшін маңызды», - дейді үміткер.


Жастар өкілдері праймеризге қатысу арқылы жаңа идеяларын жүзеге асырмақ. Студент Зәмзәгүл Жұматова Петропавлдағы Жұмысшы кентінің мәселелерін шешпек.

«Жұмысшы кентіндегі көп пәтерлі тұрғын үйлердің жай-күйі сын көтермейді. Олардың кейбірі апатты жағдайда тұр. Санитарлық-экологиялық сипаттағы, проблемаларды жария етуді жоспарлап отырмын», - дейді Зәмзәгүл.


Соңғы жаңалықтар