СҚО-да прокурорлар өткен жылы 53,5 мың адамның құқығын қорғады

СҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс прокуроры Бағбан Тайымбетов алқа отырысында өткен жылды қорытындылады. Мәселен тексерулер барысында анықталған 909 заң бұзушылықтың 542-сі жойылды.
Қадағалау актілері бойынша 621 млн теңге өндірілсе, соның ішінде 387,5 млн теңгесі мемлекеттік кіріс ретінде алынды. Бұдан басқа 708 млн теңгенің мүлкі қайтарылған.
«Негізгі заң бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу, құрылыс, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, монополияға қарсы, зейнетақы заңнамасы саласында анықталды.
Қадағалау актілері бойынша мемлекеттік сатып алу саласында 3,5 млрд теңгеден астам сомаға 15 конкурстың нәтижесі жойылды.
Мәселен, Петропавл қаласының әкімдігі 2,8 млрд теңге сомасына «Копай» шағын ауданының құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу жүргізді.
Алайда тапсырыс берушіде рұқсат құжаттары, атап айтқанда жерге тиісті құқық беру туралы шешім болмаған.
Қадағалау актісі бойынша бұл конкурс жойылды, осылайша 2,8 млрд теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Ал мобильдік топтар кәсіпкерлердің құқығын бұзуға қатысты мыңнан астам фактінің алдын алды. Прокурорлар бизнес субъектілерін заңсыз тексерудің 9 дерегін анықтады, оның ішінде 5-нің жолын кесті, 4-і жойылды, 1144 бизнес субъектісінің құқықтары қалпына келтірілді.