СҚО-да рақымшылыққа іліккендердің алғашқы тоғызы бостандыққа шықты

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысындағы түзету мекемесінен тоғыз адам рақымшылықпен мерзімінен бұрын босады. 

СҚО-да рақымшылыққа іліккендердің алғашқы тоғызы бостандыққа шықты
Фото: СҚО ҚАЖД баспасөз қызметі

Биыл 23 маусымда Президент рақымшылық туралы заңға қол қойды. Соның аясында еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың кейбірін мерзімінен бұрын босату басталды.

Алғашқы болып амнистияға іліккендердің бір тобы — СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 51 мекемесінен 9 адам бостандыққа шықты.

СҚО ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта облыстағы түзету мекемелерінде 1700-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Солардың шамамен 250-і жаңа заңға сәйкес жақында туған-туыстарымен қауышпақ.

Бұл жолы босатылғандардың басым бөлігі ұрлық бабы бойынша сотталған ер адамдар. Олардың ең үлкені — 49 жаста. Ал қалған ең ұзақ жаза мерзімі А. деген сотталғанда 8 айға қысқарды.

Заңға сәйкес босатылғандарға бейімделуге жәрдем көрсетілмек, пробация қызметтері мен жұмыспен қамту орталықтары арқылы қолдау шаралары қарастырылған.

Бұған дейін рақымшылыққа қылмыстық жазасының соңғы жылы қалғандар босатылатыны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар