СҚО-да Ресейден келген азамат ауылдағы ата-анасына коронавирус жұқтырды

1983 жылғы РФ азаматы (Омбы қаласынан) - «Омбы ‒ Қостанай» бағыты бойынша келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі. Ол 21 сәуір күні СҚО-ға келіп, Мүсірепов ауданының Червонное ауылында тұратын ата-анасының үйіне тоқтаған. Шекарадан өту кезінде одан COVID-19-ға анализ алынған, зерттеу нәтижесі теріс болды. Осы уақыт бойы РФ азаматы үй карантинінде болды. 5 мамыр күні ол қалтырау, жөтел, дене қызуының 37 градусқа дейін көтерілуіне байланысты шағымданған. Ол Мүсірепов аудандық ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылып, қайта тексерілді. 6 мамырда оның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды.
Жедел түрде науқаспен бірге тұрған 1956 жылы туған әкесі және 1959 жылы туған анасы тексерілді. Зертханалық зерттеу нәтижесі олардың да COVID-19 вирусын жұқтырғанын көрсетті. Отбасы қазір Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған. Пациенттердің жағдайы - қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу басталды. Байланыс жасаған адамдардың саны белгіленуде. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.
6 мамырдағы жағдай бойынша СҚО аумағында 33 адам COVID-19 жұқтырған. Оның ішінде бір науқас - Көкшетау қаласынан.