СҚО-да «сақалды» құрылыстардың бірі аяқталды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін ұзаққа созылған тұрғын үй құрылысы аяқталды. 

құрылыс
Фото: Александр Павский/Kazinform

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында құрылысы басталған 27 пәтерлі тұрғын үй 2022 жылдың басында пайдалануға берілуі тиіс еді. Алайда 2023 жылдың соңына қарай ғимараттың тек 1-ші қабаты ғана тұрғызылды. Жобаның бастапқы құны 324,8 млн теңге болса, нысан құрылысы «G5 Maintenansе services company» ЖШС жүктелді.

Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің араласуынан кейін, тапсырыс берушінің бастамасымен жобаны мерзімінде аяқтамаған мердігермен шарт бұзылды.

Тұрғын үй құрылысын ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «Еңбек» ШЖҚ РМК атқарды. Мердігер ұйым барлық жұмысты кестеге сәйкес орындады. Халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған тұрғын үйде жақында қоныс тойы тойланды.

Бұған дейін СҚО-да 57 мектеп директорының орны бос тұрғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар