СҚО-да сауда орталықтары тексеріліп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында қауіпі жоғары нысандарды жоспардан тыс тексеру басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінде атап өткендей, тексеріс бүгіннен басталған.

«Облыстық ТЖД өкілдері қаупі жоғары нысандарды жоспардан тыс тексеруге кірісіп кетті. Бұл тізімге біздің өңірдегі 30 нысан кірген. СҚО кәсіпкерлер палатасы бизнеске қысым жасау және жемқорлыққа жол бермеу үшін осы тексерулерге палата немесе басқа да қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысу мүмкіндігі туралы хабарлайды», - деді палата директорының орынбасары Жеңіс Қазиев.

СҚО ТЖД-да бүгін сауда үйлерінің басшыларымен дөңгелек үстел өтті. Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, онда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралған.

Департамент бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге нысандардың бірінші басшылары жауапты екендігін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар