СҚО-да Шағалалы өзенінің деңгейі бір тәулікте 1,5 метрге көтерілді

Өзен
Фото: Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану басқармасынан

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында кешеден бері шағын өзендердің су деңгейі көтеріліп жатыр. Десек те, әлі қауіпті деңгейге жете қойған жоқ. 

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, өңірдегі шағын өзендердің су деңгейі бір тәулікте 2-9 см аралығында көтерілген.

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның аумағынан өтетін Ақанбұрлық өзені Ковыльное елді мекені маңында 8 см-ге, Рузаевка ауылының маңында Шарық өзенінің деңгейі 9 см-ге, Мұқыр ауылының маңындағы Мұқыр өзені 8 см-ге көтерілген. Айыртау ауданындағы Гусаковка елді мекенінде Бабықбұрлық өзенінің су деңгейі бір тәулікте 9 см-ге артқан. 

Ал, Аққайың ауданы Северное елді мекенінің маңынан өтетін Шағалалы өзенінің су деңгейі бірден 151 см-ге көтеріліп отыр. Десек те қауіпті деңгейге жету үшін әлі 130 см керек. 

СҚО-дағы негізгі су артериясы – Есіл өзенінде жағдай әзірге тұрақты. Сергеев және Петропавл су қоймаларында су деңгейі небары 3 см-ге көтерілді. 

Соңғы жаңалықтар