СҚО-да синтетикалық есірткі сатқан адам 7 жылға қамалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «спайс» атты синтетикалық есірткіні қолдан жасап, сатқан ер адам 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да синтетикалық есірткі сатқан адам 7 жылға қамалды

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың 27 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткі сатуы мүмкін деген күдікпен көктемде полицияның назарына іліккен. Оны тәртіп сақшылары мұқият бақылауда ұстау нәтижесінде, шілде айында есірткі сатушы қылмыс үстінде ұсталды. Тексеру кезінде ер адамнан 3 грамм «спайс» табылды. Үйіне тінту жүргізу барысында 4 гр астам есірткі әзірлеуге қажет концентрат пен 78 гр аса дайын есірткі алынды. Бұдан бөлек, грамдап өлшейтін таразы, зиплок - буып-түю материалдары, 800 мың теңгеден аса ақша және ақша аударымдарының чектері алынды.

«Спайс» синтетикалық каннабиноид, әсері күшті есірткінің бір түрі. Алынған концентрат 200-ге жуық доза дайындауға жеткілікті. Қылмыскер «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабы бойынша сотталды», - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Рахат Нұрахметов.

Полицейлердің айтуынша, ұсталған 16 жасынан бастап есірткі қолдана бастаған.

СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты «спайс» деген атпен белгілі синтетикалық есірткіні дайындап, өткізумен айналысқан 27 жастағы Петропавл тұрғынын 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.