СҚО-да студенттерге қызмет көрсететін алғашқы орталық ашылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Qyzyljar» атты студенттерге қызмет көрсететін алғашқы орталық ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Осы орталықты ашу идеясын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті алға тартқан.

Департамент басшысы Елена Степаненконың айтуынша, студенттерге қызмет көрсету орталығы «бір терезе» қағидатымен жұмыс істейді әрі мұнда электронды қызметтерге басымдық беріледі.

null Орталықта құжаттарды қабылдау-беру терезесі, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Консультанттар (кеңесшілер) практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді.

«Мұндағы бүкіл қызметтер барынша қолайлы етілген. Студенттердің уақыты үнемделеді, сонымен қатар қағаз құжаттар да біршама қысқарды. Орталықтың ашылуы білім алушыларға көрсетілетін қызметтің сапасы мен мәдениетін арттыруға мүмкіндік берері сөзсіз», - дейді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.

Соңғы жаңалықтар