СҚО-да су басқан жол учаскесі жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жайылма су басқан автожол учаскесі жабылды, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
14 мамырда сағат 20:00-ден бастап республикалық маңыздағы «Челябі-Новосібір» автожолының учаскесін (ені 45 м, тереңдігі 20 см, 525-530-шы шақырымдар, Петропавл қаласы арқылы айналып өтуге болады) еріген жайылма су басуына байланысты автокөліктердің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.