СҚО-да су қоймасын тамашалайтын алаң жабылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да Сергеев су қоймасында тамашалайтын алаңға бару шектелді, деп хабарлады «ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

СҚО-да су қоймасын тамашалайтын алаң жабылды

Әлеуметтік желі пайдаланушылары Шал ақын ауданы Сергеевкада көру алаңы жабылғанын талқылауда. Ауыл тұрғындарының сүйікті орнын ескерту-шектеу лентасымен қоршады.  Бұған себеп бетон алаңның  астындағы топырақты су шайып кеткен.

«Алаң гидротораптың бөлшегі емес. Ол ешқандай қызмет атқарып тұрған жоқ. Су деңгейінің көтерілуі салдарынан жұмсақ топырақты су шайған. Мұндай жағдай соңғы 50 жылда алғаш рет байқалып отыр. Алаң жартаста орналасқан. Оны төменде бетондалған металл құбырлар тіреп тұр. Қауіпті ештеңе жоқ, тек алаңға салмақ жүктемесін азайту үшін адамдардың келуін шектедік», - деді «Қазсушаруашылығы» РМК СҚО филиалы директорының орынбасары Бейбіт Қадыров.  

Көру алаңын бекіту-нығайту жұмыстары  су тасқыны кезеңі өткеннен кейін жүргізіледі.

Қазір Сергеевское су қоймасындағы су көлемі 64 пайыздан асып кеткен. 

Стройка, строительство
Ұқсас жаңалықтар

Сапасыз құрылыс: Степногорскіде мердігерден 80 млн теңге өндірілмек