СҚО-да су шайып кеткен көпір қыркүйек айында пайдалануға беріледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Биыл Солтүстік Қазақстан облысында Ақан-Бұрлық өзеніндегі көпір қолданысқа беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

«Республикалық маңызы бар М-36 «Екатеринбург-Алматы» автожолының 835 шақырымында жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда Ақан-Бұрлық өзені арқылы өтетін көлік көпірі толығымен жаңартылуда. Жобанының бас мердігері «Казахдорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі», делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, күрделі жөндеу жұмыстары аясында жол жөндеушілер көпірдің төсемін кеңейту үшін арқалықтарды ауыстырып, тіректерді қалпына келтіруі қажет. Мамандар аралық тіректерді орнатып жатыр. Тегістейтін қабатты орнату жұмыстары орындалды, төменгі торды байлау жұмыстары басталды. Көпір жұмысына 19 құрылыс техникасы жұмылдырылып, 41 адам жұмыс істеуде.

Күрделі жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүруде. Жаңа автомобиль көпірі 2019 жылдың қыркүйек айында ашылады деп жоспарланған.

null

Еске сала кетсек, Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов атындағы ауданында орналасқан аталмыш көпірді 2 сәуірде тасқын кезінде су шайып кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар