СҚО-да су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіледі

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында су деңгейінің көтерілу қаупі тексерілетін болады, деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметінен сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

М. Жұмабаев ауданы Тулаево қаласында көлдің үш жағында көшелер орналасқан, қар ерісе, көлге жақын үйлерді су басуы мүмкін.

Көктемде су қоймасы еріген қар суына толады. Қазір өзен ернеулерін тереңдету жұмыстары жүріп жатыр. Тексеру барысында «Каматсу» экскаваторымен 4 мың шаршы метр топырақ алынды. Жоспарланған көлем - 30 мың шаршы метр. Бұл жұмыс 15 күн ішінде аяқталады деп жоспарлануда.
null

Көлден суды айдау үшін аудан әкімдігі сағатына 400 текше метр өнімділікпен қуатты стационарлық сорғы сатып алды.

Құтқарушылар су басуы ықтимал Александровка ауылына барды. Ауданда «Возвышенка-Александровка» аудандық маңызы бар жолға қосымша су өткізу құрылғысын орнатты.

Соңғы жаңалықтар