СҚО-да тасқыннан зақымданған гидротехникалық құрылыстар екі айда қалпына келтірілмек

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында көктемдегі су тасқынынан зақымданған гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру жұмысы басталды. Мердігерлерге бұл жұмысты екі ай ішінде бітіріп, тапсыру міндеті тұр.

СҚО әкімдігі
Фото: СҚО әкімдігі

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов гидротехникалық құрылыстарда қалпына келтіру жұмыстарының басталғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. https://www.facebook.com/gaueznurmukhambetov Көктемгі су тасқыны кезінде бұл нысандар қатты ағысқа шыдас бермей, бұзылған еді. Өңір басшысының айтуынша, атқарылатын жұмыстар бойынша жол картасы қабылданып, қаржы бөлінді, мердігерлер анықталды. 

СҚО әкімдігі
Фото: СҚО әкімдігі

«Жұмыс Петропавлдағы Былғары және Заречный кентіндегі, Ущев көшесінің бойындағы және Ойқаладағы 0,8 шақырымдық бөгеттерде жүргізіледі. Дәл осындай жұмыстармен Қызылжар ауданындағы Прибрежное, Бескөл және Тепличное ауылдары қамтылады. Сондай-ақ биотоғанның айналасындағы бөгет бекітіліп, Жеңіс саябағында ашық нөсерлік кәріз жүйесі орнатылып, жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілмек. Бөгеттерді нығайту және биіктету жұмыстары қатаң түрде мамандардың есептеулері бойынша жүргізіліп жатыр. Олар Есіл өзеніндегі судың максималды деңгейін есепке алды. Биылғы қатты су тасқынының барлық ерекшеліктері ескерілді. Бүкіл жұмыстарды екі айда аяқтау жоспарланған. Қорғаныс құрылымдарын қалпына келтіру жеке бақылауымда болады», - деп жазды Ғауез Нұрмұхамбетов.

СҚО әкімдігі
Фото: СҚО әкімдігі

Естеріңізге салайық, «Бірлік» шағын ауданында тасқыннан зардап шеккендерге арналып салынған үйлердің соңғы легі 15 қыркүйекте салтанатты түрде пайдалануға берілді. Шамамен бес айдың ішінде жазық далада 700 үйі бар елді мекен пайда болды.  

СҚО әкімдігі
Фото: СҚО әкімдігі
Соңғы жаңалықтар