СҚО-да тәжік тілінде ғана сөйлейтін жасөспірім жоғалып кетті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан обылысының полицейлері 15 жастағы жасөспірімді іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да тәжік тілінде ғана сөйлейтін жасөспірім жоғалып кетті

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Хасан Ятимов 6 шілде күні сағат күндізгі 3-те Қызылжар ауданы Прибрежный ауылынан автобусқа мініп кеткен. Оның қайда екені әзірге белгісіз. Орыс тілін білмейді, тәжік тілінде ғана сөйлейді.

Полицейлер жасөспірім туралы мәлімет жариялады. Оның бойы 140 см, арық денелі. Қошқыл жасыл түсті олимпийка, көк түсті джинсы, қара бас киім, қара аяқ-киім киген.

Тәртіп сақшылары жасөспірімді көрген-білгендер болса 102 нөміріне хабарласуын сұрайды.