СҚО-да туғандар саны қайтыс болғандардан аса алмай тұр

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан 2 254 нәресте дүниеге келді. Ал жарты жылда 2 999 адам қайтыс болған.

СҚО-да туғандар саны қайтыс болғандардан аса алмай тұр
Фото: Kazinform

Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта өңірде 518 мың адам тұрады. Оның ішінде 258 мың адам немесе 49,8% қалаларда, ал 260 мың адам немесе 50,2% ауылдық жерлерде тұрады.

Биылғы қаңтар-маусым аралығында облыста 2 254 нәресте дүниеге келді. Сәбилердің 1 199-ы – ұл, 1 055-і – қыз. Жаңа туғандардың 940-ы, яғни 41,7% облыс орталығында тіркелген. 

Аудандар арасында Уәлиханов ауданында ең жоғары туу көрсеткіші тіркелген. Одан кейін Ақжар ауданы және Шал ақын ауданы келеді. Бала туудан ең төмен көрсеткіш Мамлют, Қызылжар және Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда анықталды. 

Ал өлімнің негізгі себептеріне келер болсақ, бірінші орында 18,4% қан айналымы жүйесінің аурулары келеді, екінші орында 18,2% жүйке жүйесінің аурулары, одан кейін тыныс алу органдарының аурулары 14,4% тұр. Есепті кезеңде қайтыс болғандардың 10,3% қатерлі ісіктерден, 9%-ы – ас қорыту органдарының ауруларынан, 6%-ы – жазатайым оқиғалар, улану мен жарақаттанудан көз жұмды. 

Осы аралықта 1 309 неке тіркеліп, 738 ажырасу рәсімделді. 

Бұған дейін СҚО-ға қоныс аударушыларға қандай қолдау шаралары бар екенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум