СҚО-да тұрғын үйде өрт шығып, 120 шаршы метр аумақты шарпыды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін таңертең Жамбыл ауданы, Пресновка ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, жалын шаруашылық құрылыстарына тарады.

Өрт
Фото: ТЖМ

«Қабылданған шаралардың арқасында құтқарушылар газ баллонын өрттен алып шықты. Өрт 120 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», — деп жазды ведомстводан.

ТЖМ үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.