СҚО-да тұрмысы нашар отбасыларға мыңнан астам түтін датчиктері орнатылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылыту маусымында жеке тұрғын үй секторында 390 өрт тіркелді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 33 %-ға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде тұрмысы нашар және тұрмысы төмен отбасылар, жалғызбасты және мүгедектер тұратын 4557 жеке тұрғын үй бар. Оларды 17 мыңнан астам адам тұрады, соның 5 мыңға жуығы – бала. Бұл үйлер «қауіп-қатер тобы» ретінде өрт сөндірушілердің есебінде тұр.

«Бұл мекен-жайлар бізге жақсы таныс. Жергілікті атқарушы органдармен, жергілікті полиция қызметі мамандарымен, волонтерлермен жиі барып, тексеріп отырамыз. Өрттің алдын алу үшін түрлі механизмдерді қолданып жатырмыз. Бұл үйлерге тегін мыңнан астам түтін датчигі орнатылды. Нәтижесі бар, былтыр қысқы жылыту маусымында екі оқыс оқиға ғана тіркелді», - дейді СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов.

Алайда әлі де өрт қауіпсіздігі талабын бұзып тұрып жатқан 600-ден астам жеке тұрғын үй бар екен.

«Өрттің шығуына көп жағдайда пештің жарамсыздығы, электр қондырғыларын орнатуда және пайдалануда ережені сақтамау, өртті қоданудағы салақтық, яғни спирттік ішімдік ішіп, темекі тарту және тозығы жеткен үйлер себеп болады. Өрттің 28 %-ы Петропавлдың, 12 %-ы Қызылжар және 11 %-ы М.Жұмабаев аудандарының үлесінде.

Біздің бастамамызбен өңірде алғаш рет Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде пеш салушы мамандығын 6 адам алып шықты. Қазір оларды жұмысқа орналастыру мәселесі шешіліп жатыр», - дейді Рамиль Камалов.

Жалпы өткен жылыту маусымында СҚО-ның жеке тұрғын үй секторында 390 өрт тіркелді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 33 %-ға көп.


Соңғы жаңалықтар