СҚО-да Үлкен Тарангүл көлінің ортасында қалып қойған отбасы құтқарылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында ТЖД қызметкерлері Үлкен Тарангүл көлінің ортасында қалып отбасын құтқарды.
«СҚО Есіл ауданында анасы мен баласы Үлкен Тарангүл көлінде скутермен жүрген. Жағалаудан алыстап кеткен кезде су құрылғысы кенет істен шығып кетіп, суға бата бастайды. Абырой болғанда, олардың үстерінде құтқару жилеттері болған. Суда ұзақ уақытта болған олардың денесі тоңази бастаған. СҚО ТЖД құтқару қызметінің жедел әрекеттерінің арқасында анасы мен баласы судан аман-есен шығарылды», - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, жыл басынан бері СҚО-ның жедел-құтқару отряды 64 адамды судан алып шыққан, олардың 12-сі балалар болған.