СҚО-да Универсиада Алауы жағылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиада-2017 Алау эстафетасын қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Біздің облыстың намысын 8 солтүстікқазақстандық қорғайды. Конькишілер Роман Креч, Федор Андреев, Иван Аржанников, Татьяна Климчук, Светлана Мальцева, Мария Громова, шаңғы жарысында - Ринат Мухин, керлингте - Дмитрий Гарагуль. Бәріміз жерлестерімізге қолдау білдіріп, жеңіс тілейік!», - деді Ерік Сұлтанов.
Универсиада Алауын СҚО әкімі Ерік Сұлтанов және М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры Серік Өмірбеков жақты. Өңір басшысы алауды алғаш алып жүріп, Маргарита Мұқашеваға табыстады.
Эстафета М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен басталды. 60 алаугер Универсиада Алауын Петропавлдың басты көшелерімен алып өтеді. Олар 12 шақырым жол жүреді. Эстафета екі кезеңге бөлінген және Спорт сарайында аяқталады. 


