СҚО-да үш аптадан артық іздеуде болған ер адамның денесі табылды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында іздеу жарияланған Сергей Лебедевтің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлдың 42 жастағы тұрғыны Сергей Лебедев 21 қыркүйек күні түс кезінде үйінен шығып кеткен. Туғандарына Қызылжар ауданы Красный Яр елді мекені маңындағы Есіл өзенінде балық аулайтынын айтқан. Содан бері ер адамнан хабар болмады.

Лебедевті іздеуге полицейлерден бөлек волонтерлер, еріктілер ат салысты. Олар бірнеше рет аталған аумақты, яғни Есіл өзенінің жағалауын, батпақты жерлерді, орманның ішін, жолдардың бойын аралап, таба алмады.

16 қазанда учаскелік полиция инспекторы ер адам балық аулаған маңнан оның денесін тапты. Ол суға кеткен екен.

Ал, 24 қыркүйекте үйінен белгісіз жаққа кеткен Юрий Анатольевич Волосников әлі күнге дейін табылған жоқ. Сол күні ер адамның үстінде қоңыр түсті жеңіл күртеше, көк түсті джинсы болған. Бойы шамамен – 160 см, дене бітімі арықша келген. Іздеу жұмыстарына солтүстікқазақстандық полиция бөліністерінің қызметкерлері тартылған. Волонтерлер әлеуметтік желілерде бағыт-бағдар таратып, іздеу іс-шараларына көмектесіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар