СҚО-да үскірік аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында бүгін, 25 қаңтар күні мектептерде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Балаларға демалыс ауа райының күрт суытуына байланысты берілді.
«Солтүстік Қазақстан облысының аумағында - 35 градусқа дейін аяз болып тұр. 0-11 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды»,-делінген 112 қызметінің хабарламасында.
Осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысында дизельді отынмен жүретін көліктер үшін жолдың жабылғандығын хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ осы өңірде 25-26 желтоқсан күндері ауа райына байланысты ескерту жарияланды.