СҚО-да вакцина алуы тиіс тұрғындардың 75 пайыздан астамы екпе салдырды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 281 623 адам вакцинацияның толық курсынан өтті. Бұл – иммундау курсынан өтуі тиіс тұрғындардың шамамен 75 пайызы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да вакцина алуы тиіс тұрғындардың 75 пайыздан астамы екпе салдырды

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде 298 785 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін, 281 623 адам екінші компонентін алды. Екпе салдыруы тиіс тұрғындардың тек 75%-ға жуығы ғана вакциналанды. Ал ревакцинациядан 85 348 адам немесе 43 %-ы өтті.

«Ревакцинациядан өтудің маңызы зор. Қауіпті инфекция бұл жағдайда жеңіл немесе симптомсыз өтеді. Қазіргі таңда облыста негізінен Vero Cell препараты қойылып жатыр. Ал жүкті, босанған әйелдерге «Pfizer» қолданылады. 60 жастан асқандар таңдау бойынша Vero Cell, «Pfizer» және «Спутник Лайт» препаратын салдыра алады», - дейді мамандар.

«Pfizer» вакцинасының бірінші компонентін осы күнге дейін 12 815 адам алған. Толық курстан 9 243 адам өтті. Оның ішінде жасөспірімдердің үлесі басым. Біріншісін 10 240 жасөспірім, 357 жүкті әйел және 2 218 емізулі баласы бар келіншек салдырған. Толық курстан 7 364 жасөспірім, 235 жүкті әйел және 1 644 жас ана өтті.