СҚО-да вакцинация қарқыны төмендеді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында вакцинация қарқыны төмендеп кеткен. Апталық жоспардың тек 11 %-ы ғана орындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да вакцинация қарқыны төмендеді

Бүгін СҚО әкімдігінің отырысында вакцинация мәселесі көтерілді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, тұрғындар вакцина алуға асығар емес. Өңірдің 370 мың тұрғыны жыл соңына дейін егілуі тиіс. Әлі 120 мың адам вакцинациядан өтпеген.

«Бірінші компонентпен 251 888 адам егілді, бұл - 67,9 %. Толық курстан 234 636 адам өтті, осылайша 63,3 %-ы қамтылды. Ең төменгі көрсеткіш Қызылжар ауданында байқалады, онда халықтың 52,3 %-ы ғана бірінші компонентпен егілді және Уәлиханов ауданында бұл көрсеткіш - 54,6 %. Күнделікті вакцинация жоспары да орындалмайды, апталық жоспардың тек 11,5 %-ы ғана жүзеге асты», - дейді Әсет Жұматаев.

1 ақпаннан бастап вакцинация курсын аяқтаған 2808 адам ғана ауырған. Бұл – толық курстан өткендердің тек 1,1 %-ы ғана.

«Халықты жеткілікті деңгейде вакцинацияламау эпидемиологиялық жағдайға теріс әсер етеді, вирус мутацияға ұшырайды, жұқпалы болады, екпе алмаған адамдар арасында тез таралады. Жас ерекшеліктеріне қарай қамту деңгейіне талдау жүргізілді. Вакцинаны ең аз қойдырғандар - 60 және одан жоғары жастағы адамдар арасында байқалады – 21,3 %. 18-29 жас аралығындағылардың 62,6 %-ы егілді, 50-59 жастағылардың 75,2 %-ы, 30-39 жастағылардың 77,8 %-ы және 40-49 жас аралығындағылардың 80,6 %-ы екпе алған», - дейді Әсет Жұматаев.


ҚПЛ: «Ұлытау» өз алаңында «Елімайдан» басым түсті
Ұқсас жаңалықтар

ҚПЛ: «Ұлытау» өз алаңында «Елімайдан» басым түсті