СҚО-да заңсыз алкоголь өндірген «цех» жойылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлдың 34 жастағы тұрғыны өзіне тиесілі қойманы арақ-шарап құятын цехқа айналдырған. Заңсыз әрі қауіпті  өнім тәркіленді.

СҚО ПД
Фото: СҚО ПД

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне акцизсіз алкогольді заңсыз сақтау фактісі туралы ақпарат келіп түскен. Тәртіп сақшылары СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірге Петропавл тұрғынының үйін тексерді. Нәтижесінде оған тиесілі қоймадан құрамында спирті бар контрафактілі өнім шығаратын «цех» анықталды. 

СҚО ПД
Фото: СҚО ПД

Үй-жайдан жалған акциздік маркалары бар құюға дайындалған 660 бөтелке, қолдан жасалған, құрамында спирті бар өніммен 44 бес литрлік пластикалық бөтелке, таза спирт құйылған 11 бес литрлік бөтелке, акциздік маркалар, шыны ыдыстар, 200 литрлік бөшке, спиртометр және басқа да жабдықтар тәркіленді. 

СҚО ПД
Фото: СҚО ПД

Бұл факті бойынша жиналған материалды СҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізді.

Бұған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі СҚО-да 910 шақырым су құбырын салу және реконструкциялау жұмысын бастағанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар