СҚО-да жасөспірімдерге теріс ықпал ететін әлеуметтік желідегі топтар бұғатталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да әлеуметтік желідегі бірнеше топ бұғатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір прокурорлары оларды жасөспірімдерге теріс ықпал етеді деп шешті.

СҚО прокуратурасы ВКонтакте әлеуметтік желісіне мониторинг жасап, порнографиялық және сексуалды-эротикалық мазмұндағы видеосы бар 20 топты анықтады.

Бұдан басқа осы әлеуметтік желіде жасөспірімдер арасында суицидті тікелей және жанама насихаттаған 27 топ белгілі болып отыр.

Прокурорлардың айтуынша, бұл топтарға 20 мыңнан астам жасөспірім тіркелген.

Облыс прокурорлары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне хабарлама жібергеннен кейін әлеуметтік желідегі 40-тан астам топ бұғатталды. Қазір қалған топтардың қолжетімділігіне шектеу қою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар