СҚО-да жасөспірім көз жұмды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстанда облысы Аққайың ауданындағы Кенжеғалы ауылында жасөспірім көз жұмды.  

СҚО-да жасөспірім көз жұмды
Фото: Polisia.kz

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

— Полиция болған оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды, — делінген баспасөз хабарламасында.

Десек те, ресми емес мәлімет бойынша қаза болған жасөспірім 17 жаста. Ол ауласындағы белтемірге асылып қалған. Оны таңертең үйден шыққан әкесі көрген.
Бұған дейін СҚО-да 15 жасар жасөспірім қолдан жасалған қарумен атылып қалғанын жазған едік.

ҚПЛ: «Ұлытау» өз алаңында «Елімайдан» басым түсті
Ұқсас жаңалықтар

ҚПЛ: «Ұлытау» өз алаңында «Елімайдан» басым түсті