СҚО-да жеке күзет құрамаларының көмегімен 6 қылмыс ашылған

қылмыс
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан аумағында жалпы саны 1700-ден асатын 73 жеке күзет құралымы жұмыс істейді. Жыл басынан бері олар өздері қорғалайтын нысандарда 6 қылмыстың ашылуына ықпал еткен. 

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күзет құралымдары 43 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесіп, ішкі істер органдарына 72 адамды жеткізген. Бұл полицияның өзге біреудің мүлкін ұрлауға қарсы тұру және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі жұмысына айтарлықтай көмек тигізген.

«Аталған ұйымдардың қызметіне облыстық полиция департаментінің күзет қызметін бақылау бөлімі жетекшілік етеді. КҚББ қызметкерлері заңнама талаптарының сақталуын үнемі тексеріп отырады, бірлескен жаттығулар өткізеді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қызметкерлер күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Өтініш «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz немесе www.elicense.kz веб-порталы арқылы беріледі. Лицензия алу тәртібі туралы түсіндірмені Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарынан табуға болады. 

 

Соңғы жаңалықтар