СҚО-да жемқор 14 педагог жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстанда жыл басынан облыстағы 14 жалпы білім беретін және орта кәсіби білім беретін мекеме директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

СҚО-да жемқор 14 педагог жауапкершілікке тартылды

Үшеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қоғамдық кеңес отырысында айтылды.

"Өрескел заң бұзушылыққа барған 2 колледж директорының үстінен 3 қылмыстық іс қозғалды. Мәселен, Петропавл қаласы прокуратурасының ағымдағы жылы 5 наурызда жүргізген тексеруінің нәтижесі бойынша құрылыс колледжі директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өз қызметін асыра пайдаланған ол 500 мың теңге көлеміндегі бюджеттік қаражатты қалтасына басқан. Жемқор директор шартты түрде 5 жылға сотталды", - деп хабарлады СҚО прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты бақылау бойынша басқарма басшысының м.а. Арман Кұсанов.

2014 жылы жалақыны заңсыз төлеудің 6 фактісі тіркелді.

Мемлекетке келтірілген залал аймақ бойынша 1,5 млрд. теңгені, ал осы жылдың басынан 200 млн. теңгені құрады.