СҚО-да Жеңістің 78-ші көктемін 8 майдангер қарсы алмақ

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне Жеңіс күніне орай 1,5 млн теңгеден беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да Жеңістің 78-ші көктемін 8 майдангер қарсы алмақ

СҚО ардагерлер кеңесінің мәліметінше, қазіргі таңда облыста 8 майдангер бар, оның біреуі Георгий Гуцов Есіл ауданында тұрады. Олар өздігінен жүріп-тұра алмайды. Екеуінің жасы 100-ден асты.

5 мыңға жуық тыл еңбеккері тұрып жатыр. Жау қоршауында болған Ленинградтың 4 тұрғыны, майдангерлердің жесірлері бар.

«Олар үнемі біздің назарымызда. Майдангерлердің құрметіне ұйымдастырылған іс-шараларға келе алмайтындықтан Жеңіс күні ардагерлер тұратын үйлердің аулаларында үлкен концерттік бағдарлама өтеді.

Мереке қарсаңында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылмақ. Одан түскен қаражат мұқтаж жандарға көмек ретінде беріледі. Қазіргі таңда егде жастағылар арасында осындай 5 мың адам бар. Сондай-ақ мерекелік іс-шара өткізуге жұмсалады», - дейді СҚО ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Анатолий Карабельников.

Биыл Жеңіс күніне орай әр майдангерге 1,5 млн теңгеден беріледі.

«Өңірден 140 мың жауынгер соғысқа аттанды, біздің кітаптарда, соның ішінде «Боздақтарда» қаза тапқан және хабарсыз кеткен 30 мың адамның есімі бар. Ол осыдан 25 жыл бұрын жарық көрген еді. «Солдаты Победы» деген кітапты шығардық, онда соғыстан аман-есен оралғандар туралы ақпарат берілген. 27 томдық жинаққа 30 мың адамның есімі кірмей қалған. Өйткені олар туралы ақпарат болмады.

Соңғы 3-4 жылда тағы да 19 мың майдангер жайында мәліметті таптық», - дейді Анатолий Карабельников.

Қазір СҚО-да Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің құрметіне арналған 600-ге жуық ескерткіш бар.