СҚО-да жергілікті штаб өкілдері тұрғындарға өтемақы алу үшін құжат жинауға көмектесіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоғамдық штабтың мүшесі Арман Бердағұлов өңірдегі су тасқыны жағдайы туралы баяндады.

Алматыда тарифтердің көтерілуіне байланысты өтемақы өседі
Фото: Kazinform

«Су тасқынының екінші кезеңінде Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі 298 см-ге төмендеп 363 см-ге жетті. Аймақта 14 388 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 764 адам үйлеріне оралды, 13 624 адам эвакуацияланды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Солтүстік Қазақстан облысы қоғамдық штабының мүшелері күн сайын эвакуациялау орындарында өтемақы алу тетігі бойынша халықпен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ жергілікті штаб қызметкерлері тұрғындарға өтемақы алу үшін құжат жинауға көмектеседі. Эвакуациялық пункттердегі өтініш берушілердің құжаттарды банкке бармай-ақ тапсыруы үшін екінші деңгейлі банктермен уағдаластыққа қол жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар