СҚО-да жыл басынан бері ішек инфекциясын жұқтырудың 100-ден астам жағдай тіркелді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті су тасқыны кезеңінде күшейтілген режимде жұмыс істеп, эпидемиологиялық жағдайды бақылауға алған.

Коронавирус
Фото: pixabay.com

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев брифингте қазіргі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. Облыста жіті ішек инфекцияларымен және А гепатитімен сырқаттанушылық бойынша жағдай тұрақты. Су тасқынына байланысты өсу байқалмайды.

«Күн сайын жіті ішек инфекцияларының, сальмонеллездің, А гепатитінің, аса қауіпті жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жағдайына мониторинг жүргізіледі. Соңғы 3 айда облыста А гепатитінің 3 жағдайы тіркелді, өткен жылдың ұқсас кезеңінде де 3 адам ауырған еді. Сырқаттанғандардың барлығы – ересектер. Жіті ішек инфекциясы бойынша барлығы 103 жағдай тіркелді, оның 54-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында болды, балалардың ауыруы екі есе өскен. Бұл маусымдық көбею», - дейді Әсет Жұматаев.

Маманның айтуынша, А гепатиті көбіне су арқылы жұғады. Сондықтан дәрігер халыққа осы инфекцияға қарсы екпе алуды ұсынады. Екпе жоспарлы түрде 2 және 2,5 жаста тегін, тұрғылықты жері бойынша емханада қойылады, вакцина жеткілікті мөлшерде бар. Осы жаста вакцина алмағандардың 18 жасқа дейін тегін вакцина алу мүмкіндігі бар.

 

Соңғы жаңалықтар