СҚО-да жылқы айдап кетуге шығып, жоғалып кеткен жылқышы табылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Жылқы айдап келуге шығып, үйіне оралмаған Имантау ауылының тұрғыны табылды.
Із- түзсіз жоғалған 43 жастағы азаматты іздеуге ТЖД құтқарушылары, полицейлер мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және ауылдастары атсалысқан. Жылқышыны Айыртау ауданындағы Имантау мен Арықбалық ауылдарының арасына арнайы дрон ұшырып іздеген.
- Құтқарушылар жоғалған азаматты Имантау ауылынан 8 км қашықтықтағы ашық аумақтан тапты. Ол дін аман, денсаулығына еш зиян келмеген, - деді ТЖМ.
Еске салайық осыған дейін Жамбыл облысында бұзылып қалған автобустан 15 жолаушы эвакуацияланғанын және Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен қыздың денесі табылғанын жазғанбыз.