СҚО-да жыртқыш аң 50 шақты қойды қырып кетті

Қой
Фото: danaqaz

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы шаруашылықтардың бірінде қырылған 11 қойдың өлігі табылды, деп хабарлайды Kazinform.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 желтоқсан күні сағат 05:00-де Айыртау аудандық полиция бөліміне учаскелік полиция инспекторы хабарласып, мал шаруашылығы кешенінде 44 қойдың белгісіз себеппен қырылғандығын айтқан.

Оқиға орнына бірден жедел тергеу тобы жетті. Тексеріс барысында өлген қойларды белгісіз жыртқыш аң талағандығы анықталған. Өлекселер тырналып, тістелген, тамағы орылған. Ал біреуі жартылай желінген болған.

Полицейлер қойға иттің тигенін бірден жоққа шығарды, өйткені қораға жабайы аңның келгені ізінен белгілі болды.

Аудандық полиция бөлімінің басшысы Марат Серкешевтің айтуынша, қораның айналасын 500-600 метр қашықтықта қарау кезінде сілеусін іздеріне ұқсас іздер табылды. Жалпы материалдық шығын шамамен 1 млн теңге шамасында.

Тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар