СҚО-да жоғалған жасөспірім басқа облыстан табылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Полицейлер із-түзсіз кеткен 15 жастағы жасөспірімнің қайда екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, іздеу салынған Хасан Ятимов Түркістан облысынан табылған. Бозбала ол жерге автостоппен жеткен. Қазіргі таңда ата-анасына хабар берілген.
Еске сала кетейік, 15 жастағы Хасан Ятимов 6 шілдеде хабар-ошарсыз кеткен болатын. Ол Қызылжар ауданының Прибрежное ауылынан автобусқа отырып, жолға шыққан. Ұлының хабар-ошарсыз кеткені туралы полицияға әкесі хабарлаған.