08:09, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
СҚО-да жол-көлік оқиғасында 1 адам мерт болып, алтауы зардап шекті - ТЖМ
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 1 адам мерт болып, тағы 6 адам түрлі дене жарақаттарын алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, көлік апаты кеше, қаңтардың 12-сі күні Жамбыл ауданы Пресновка-Қайранкөл автожолының 33-ші шақырымында «ВАЗ» және «УАЗ» көліктерінің қатысуымен болған.
Бірінші көліктің 37 жастағы жүргізушісі оқиға орнында жантәсілім етсе, оның жолаушысы мен «УАЗ-ға» мінген барлық 5 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.