СҚО-да жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Қазақстандағы жергілікті жолдардың 91%-ы жаңартылды
Фото: ҚазАвтоЖол

— 2026 жылғы 9 қазан сағат 07:00-де көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты республикалық маңызы бар KAZ 13 «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 875-шақырымында (Покровка көпірі ауданында) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.

Балама маршруттар:

- «Рощинское — Корнеевка — Волошинка» автожолының 46–86,87 шақырым аралығы;

- «Волошинка — Сергеевка — Тимофеевка» автожолының 0–56 шақырым аралығы;

- «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 876–946 шақырым аралығы;

- «Покровка — Корнеевка — Горное» автожолының 34–0 шақырым аралығы.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Айта кетейік, Қазақстандағы жергілікті жолдардың 91%-ы жаңартылды.