СҚО-да жолдан өтпек болған әйел көлік астына түсті
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда белгіленбеген жерден жолдан өтпек болған әйелді көлік соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 жастағы қала тұрғыны түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жатқызылды.
Оқиға Караван мен К.Цеткин көшелерінің қиылысында болған. ZAZ Chance автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісі қараңғыда рұқсат етілмеген жерден жолдан өтпек болған жаяу жүргіншіні байқамай қалған.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем дәрігерлері келді. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның аясында қажетті сараптамалар тағайындалды. Куәландыру нәтижесі жүргізушінің сау екендігін көрсетті.