СҚО-да жолды қардан тазарту жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Қазіргі уақытта жол жиегіндегі қарды шығару және қар ұстайтын траншей орнату жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар су тасқынына қарсы іс-шаралар да басталып кетті. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» жазды. 

СҚО
Фото: видеодан алынған скрин

Жол қызметкерлері су өткізгіш құбырларды тазалап, елді мекендер ішіндегі қарды көлікке тиеп, қала сыртына шығару жұмыстарына кіріскен.

Бұл мақсатқа 24 бірлік техника мен 35-ке жуық жолшы маман жұмылдырылған. 

 

Соңғы жаңалықтар