СҚО-да жолдың жабылуына байланысты бірқатар бағытта көлік қозғалысына шектеу қойылады

АСТАНА. KAZINFORM - Ақмола облысында жолдың жабылуына байланысты 2024 жылғы 11 қазанда сағат 19:30-дан бастап Солтүстік Қазақстан облысының аумағында көліктің барлық түрінің қозғалысына келесі автожолдардың учаскесінде шектеу қойылады:

жол жабық
Фото: pixabay

Бұл туралы «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

- А-1 «Астана – Петропавл» жолының 341-367 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Келлеровка ауылына дейін);

- А-13 «Көкшетау – Омбы» жолының 50-54 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Чкалово ауылына дейін);

- Р-11 «Көкшетау – Рузаевка» жолының 61-91 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Айыртау ауданы Саумалкөл ауылына дейін).