СҚО-да жұмысшы биіктіктен құлаған К-700 тракторының астында қалып, мерт болды

ТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында табынға сүрленген шөпті жеткізу барысында 4 метрлік биіктіктен К-700 тракторы құлап кетіп, салдарынан «Черкасское» ЖШС-ның 25 жастағы механизаторы (көлік жүргізген) оқиға орнында көз жұмды. Оның 19 жастағы жолаушысы ауруханаға түсті.

СҚО-да жұмысшы биіктіктен құлаған К-700 тракторының астында қалып, мерт болды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға Аққайың ауданына қарасты Добровольное ауылының маңында, 13 қазан күні таңертең болды.